Міне, алтын ұя мектебімізді бітіргенімізге 30 жыл толуына орай, бас қосып, өткен күндерді еске алып, сағынышқа толы сәттерді бірге өткізуге арналған үш күндік кездесуіміздің бағдарламасын ұсынамыз.
Бұл бас қосу – жай ғана демалыс емес, мәңгі есте қалар көңіл күй сыйлайтын сәттер болмақ.
Бурабай – Қазақстанның інжу-маржаны
Көкшетау қыратындағы қарағайлы орман, мөлдір көлдер мен тау шыңдары – бәрі бір жерде. Үш күнде біз мыналарды көреміз:
✦АстанаСапар елорданың Республикалық Бас мешітінен басталады: Құран бағыштау, дұға жасау, кейін ұйымдасқан түрде жолға шығамыз.
✦Көл мен орманАйнадай көл, қарағайлы орманның таза ауасы, жағажай мен бассейн, табиғат аясындағы түскі ас.
✦Бөлектау шыңыБиікке көтеріліп, төменде жатқан орман мен көлдерді бір көзқараспен көреміз.
✦Абылай хан алаңыАқжарма тілектер мен қорытынды сөздер айтылатын естелік сәт.